Еримбетова Лаззат Тастанбековна

«6D060400 – Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Еримбетова Лаззат Тастанбековнаның «Тозаңды плазманың физикалық қасиеттерінің өзіндік келісілген моделі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттері:

Габдуллин Маратбек Тулебергенович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD, профессор, Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.08;

Устименко Александр Бориславович – техника ғылымдарының докторы, «НТО «Плазмотехника» ЖШС директоры, Алматы қ., Казақстан, мамандығы 01.04.14.

Ғылыми кеңесшілері:

Архипов Юрий Вячеславович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Давлетов Аскар Ербуланович – физика-математика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Ткаченко-Гурски Игорь Михайлович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Валенсия Политехникалық Университеті, Валенсия қ., Испания.

Қорғау 2019 жылғы 30 желтоқсан сағат 11:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400-Физика», «6D060500-Ядролық физика», «6D072300-Техникалық физика», «6D071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100-Физика және астрономия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, № 330 аудитория.

2019 жылғы 30 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 4-103 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Еримбетова Лаззат Тастанбековнаға  6D060400- Физика     мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  29.11.2019