Ақын Бақдаулет Қалиахметұлы
«6D020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ақын Бақдаулет Қалиахметұлының «Қазақстан Республикасының саяси дамуындағы Жапонияның жаңғыру тәжірибесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қиыр шығыс кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Қаражанова Жанар Қуанышбекқызы – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының құқықтық және гуманитарлық дайындық факультетінің N1 арнайы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, мамандығы «07.00.15 – халықаралық қатынастар тарихы және сыртқы саясат».
Дәуен Динара Бақыткерейқызы –Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті шығыстану факультетінің деканы, PhD, доцент, мамандығы «6D020900 – Шығыстану».
Ғылыми кеңесшілері:
Ким Герман Николаевич – тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Дадабаев Тимур – қауымдастырылған профессор, халықаралық қатынастар саласындағы Ph.D., Жапонтану және еуразиялық зерттеулер бағдарламасының жетекшісі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар институты, Цукуба университеті, Цукуба қаласы, Жапония.
Қорғау 2019 жылдың 26 желтоқсанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020200 – Халықаралық қатынастар», «6D020900 – Шығыстану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 95, халықаралық қатынастар факультеті, № 216 аудитория.
2019 жылғы 26 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2020 жылғы 11 қаңтардағы № 4-103 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Ақын Бақдаулет Қалиахметұлы 6D020900-шығыстану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық