Машеева Ранна Уытбаевна

«6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Машеева Ранна Уытбаевнаның «Сыртқы магнит өрісінде тозаңды плазманы компьютерлік модельдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасында орындалған.

Рецензенттері:

Майоров Сергей Алексеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, ЖҒҚ, РҒА А.М. Прохоров атындағы Жалпы Физика институтының профессоры, Мәскеу қ., Ресей, мамандығы 01.04.08;

Найманова Алтыншаш Жамаевна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министерлігінің математика және математикалық модельдеу институттының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Казақстан, мамандығы 01.02.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Жұмағұлова Қарлығаш Нұрманқызы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Репке Герд – ғылым докторы, Росток университетінің профессоры,

Золтан Донко – ғылым докторы, Венгрия ғылым академиясының Вигнер атындағы оптика және қатты дене физикасы зерттеу институтының профессоры, Будапешт қ., Венгрия.

Қорғау 2019 жылғы 24 желтоқсанына сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

2019 жылғы 24 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Машеева Ранна Уытбаевнаға 6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  22.11.2019