Баймулдин Руслан Валерьевич

«6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Р.В. Баймулдиннің «Қатты тұрмыстық қалдықтарды плазма газдандыру (ҚТҚ)» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жылуфизика және техникалық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Орумбаев Рахимжан Кабиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Г. Даукеев атындағы АУЭС. (Алматы қ., Қазақстан), мамандығы 05.14.04;

Мофа Нина Николаевна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, механика-химиялық процестер және жану проблемалары зертханасының меңгерушісі, жану проблемалары институты (Алматы қ., Қазақстан), мамандығы 01.04.17.

Ғылыми кеңесшілері:

Мессерле Владимир Ефремович – техника ғылымдарының докторы, профессор, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, (Алматы қ., Қазақстан);

Янковски Златко (Jankoski Zlatko) – PhD, профессор, Сплит университеті, (Сплит қ., Хорватия).

Қорғау 2019 жылғы 24 желтоқсан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

2019 жылғы 24 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Баймулдин Руслан Валерьевичке 6D072300 – Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  22.11.2019