Жилкибаева Салтанат Кубеевна

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жылқыбаева Салтанат Көбейқызының «Жазық механизмдер мен манипуляторлардың беріктігі мен қаттылығын таралған динамикалық жүктемелерді ескере отырып есептеу әдістемесін жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетінің механика кафедрасында орындалған.

Рецензенттері:

Қайым Талғат Тотышұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Қорғаныс министрлігінің радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.02.18;

Сейдахмет Асқар Жүнісұлы – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Казақстан, мамандығы 05.02.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Утенов Муратулла Умаралиевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Тарек M. Собх – Ph.D., инженерия ісі және компьютерлік ғылымдары профессоры, Бриджпорт университеті, Бриджпорт, АҚШ.

Қорғау 2019 жылғы 24 желтоқсанына сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  21.11.2019