Секербаев Кайролла Секербаевич

«6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Секербаев Кайролла Секербаевичтің «Кремний мен органометалдық перовскиттер негізіндегі жартылай өткізгіш құрылымдардың оптоэлектрондық қасиеттері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Алиев Баходир Азимджонович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы, Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07;

Дайнеко Евгения Александровна – PhD, ғылыми және халықаралық қызмет жөніндегі проректор, АҚ Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Таурбаев Тоқтар Искатаевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Тимошенко Виктор Юрьевич – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қ., Ресей.

Қорғау 2019 жылғы 20 желтоқсан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика», «6D071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

2019 жылғы 20 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Секербаев Кайролла Секербаевичке 6D071000 – Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  19.11.2019