Ризулла Айдана Ризуллаевна

«6D050300 – Психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ризулла Айдана Ризуллаевнаның «Алматыдағы студент жастардың мысалындағы субъективті әл-ауқатпен мимикрияның байланысы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Маматова М.А. – психология ғылымдарының кандидаты, Орталық Азиядағы Америка университетінің доценті, Бишкек қ., Қырғызстан, мамандығы 37.03.01 («Психология»);

Толегенова А.А. – психология мамандығының PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 19.00.01 («Жалпы психология»).

Ғылыми кеңесшілері:

Кабакова Майра Победовна – психология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан;

Войцех Марек Кулеша - PhD, профессор, SWPS Әлеуметтік және Гуманитарлық Ғылымдар Университеті, Варшава, Польша.

Қорғау 2019 жылы «19» желтоқсанда сағат 16:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 – Әлеуметтану», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 – Психология», «6D010300 – Педагогика және психология»мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қкарасай батыр көшесі, 95, шығыстану факультеті, № 426 мәжіліс залы.

2019 жылғы 19 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Ризулла Айдана Ризуллаевнаға 6D050300 – Психология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 


Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  18.11.2019