Кожабергенова Гаухар Есенбаевна

«6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кожабергенова Гаухар Есенбаевнаның «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ әлеуметтік педагогтарды оқыту сапасын оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің ғылыми негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Кертаева Ғ.М. – педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01– Педагогика;

Аганина Қ.Ж. – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің, Педагогикалық-психология кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01 – Педагогика;

Ғылыми кеңесшілері:

Асанов Наухан Алтаевич – педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Ахмет Рагып Озполат - психология ғылымдарының PhD докторы, Эрзинджан Бинали Йылдырым университетінің профессоры, Түркия, Эрзинджан.

Қорғау 2019 жылы «19» желтоқсанда сағат 14:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 – Әлеуметтану», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 – Психология», «6D010300 – Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі 95, шығыстану факультеті, № 426 мәжіліс залы.

2019 жылғы 19 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Кожабергенова Гаухар Есенбаевнаға 6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  18.11.2019