Тулешова Улжан Жангелдыновна

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Тулешова Улжан Жангелдыновнаның «The Kazakh nobility on service of the Russian Empire in the 19th century: formation and activity» (ХІХ ғасырдағы Ресей империясының қызметіндегі қазақ дворяндығы: қалыптасуы мен қызметі) тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Абусеитова Меруерт Хуатовна – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының шығыстық деректану, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.02.

Ковальская Светлана Ивановна - тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.09.

Ғылыми кеңесшілері:

Султангалиева Гульмира Салимжановна – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Пол Верт – PhD, Невада университетінің профессоры, Лас Вегас қ., АҚШ.

Қорғау 2019 жылғы 13 желтоқсанда сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих» және «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, тарих, археология және этнология факультеті, 405 ауд.

2019 жылғы 13 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Тулешова Улжан Жангелдыновнаға 6D020300 – Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  13.11.2019