Айсина Дана Евгеньевна

«6D070100 - Биотехнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айсина Дана Евгеньевнаның «Сүт безі ісігінің дамуына қатысатын гендердің mRNA-мен miRNA-дың байланысуы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Турмагамбетова Айжан Сабиржановна - PhD, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ның вирусқа қарсы қорғаныс зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, 03.00.28 мамандығы;

Исламов Ринат Алимжанович - биология ғылымдарының кандидаты, ассоцияланған профессор, «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ клиникаға дейінгі сынақ бөлімінің меңгерушісі, Алматы, Қазақстан, 03.00.00 мамандығы.

Ғылыми кеңесшілері:

Иващенко Анатолий Тимофеевич – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Имянитов Евгений Наумович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, РФ Денсаулық сақтау министрлігінің «Н.Н. Петров атындағы ұлттық онкология ғылыми-зерттеу орталығы» ФМБМ, ісік өсу биологиясының ғылыми бөлімінің жетекшісі,Санкт-Петербург қ., Ресей.

Қорғау 2019 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 - Биология», «6D070100 - Биотехнология», «6D061300 - Геоботаника» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, 214 ауд.

2019 жылғы 20 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 25 желтоқсанның № 4-6549 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Айсина Дана Евгеньевнаға 6D070100 - Биотехнология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  13.11.2019