Айнабекова Гульжан Бабаевна

«6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Айнабекова Гульжан Бабаевнаның «Тәуелсіздік кезеңіндегі орыс тіліндегі қазақстандық прозаның жанрлық жаңғыруы жоғарғы оқу орындарындағы инновациалық әдістемелік меңгерудің нысаны ретінде» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Шаханова Розалинда Аширбаевна – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.02.00;

Калиева Альмира Кайыртаевна – филология ғылымдарының кандидаты, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.08.

Ғылыми кеңесшілері:

Жаксылыков Аслан Жамелевич – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Кибальник Сергей Акимович – филология ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің профессоры, орыс әдебиеті Институтының бас ғылыми қызметкері (Пушкин үйі), Санкт-Петербург қ., Ресей.

Қорғау 2019 жылдың 04 желтоқсанында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, № 312 аудитория.

2019 жылғы 4 желтоқсан диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 13 желтоқсанның № 4-6385 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Айнабекова Гульжан Бабаевнаға 6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  01.11.2019