Каимов Сулеймен Талгатович

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Каимов Сулеймен Талгатовичтың «Адам қолының қозғалысын еліктететін бейімделген орындаушы механизмді мобильді роботты басқару жүйесінің математикалық және бағдарламалық қамтамасын құрастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Рецензенттер:

Иванов Константин Самсонович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы, мамандығы 05.02.18;

Синчев Бахтыгерей Куспанович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті, Алматы қаласы, мамандықтары 05.02.18, 05.05.04.

Ғылыми кеңесшілері:

Темирбеков Ербол Садуахасович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан;

Ceccarelli Marco – философия докторы (PhD), Кассино Университеті, Кассино, Италия.

Қорғау 2019 жылғы 22 қараша сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

2019 жылғы 22 қарашаның диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 29 қарашаның № 4-6226 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Каимов Сулеймен Талгатовичке 6D060300 – Механика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  21.10.2019