Коныркулжаева Марал Нурлановна

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Коныркулжаева Марал Нурлановнаның «Графтардың бойындағы екінші ретті дифференциалдық операторлардың шегерімдік және спектралдық жіктелуі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика және математика факультетінің іргелі математика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Асанова Анар Турмаганбеткызы – физика-математика ғылымдарының докторы, Математика және математикалық модельдеу институтының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;

Бердышев Абдумаувлен Сулейманович – физика-математика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;

Ғылыми кеңесшілері:

Кангужин Балтабек Есматович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Борисов Денис Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Уфа ғылыми орталығының есептеу орталығы бар математика институты, Уфа қ., Ресей.

Қорғау 2019 жылғы 22 қараша сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D060100 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика – математика факультеті, №213 мәжіліс залы.

2019 жылғы 22 қарашаның диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 29 қарашаның № 4-6226 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Коныркулжаева Марал Нурлановнаға 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  21.10.2019