Тусупова Камшат Бакытжановна

«6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Тусупова Камшат Бакытжановнаның «Кластерлі экономикалық жүйелерді басқару әдістерін өңдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мазаков Талгат Жакупович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы: 05.13.18;

Бектемысова Гульнара Умиткуловна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің «Компьютерлік инженерия және телекоммуникация» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы: 05.13.01.

Ғылыми кеңесшілері:

Мурзабеков Зайнелхриет Нугманович техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Марек Милош – PhD (eng), Люблин техникалық университетінің профессоры, Люблин қ, Польша.

Қорғау 2019 жылдың 8 қарашасында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060200 – Информатика», «6D070300 – Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)», «6D070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «6D075100 - Информатика, есептеу техникасы және басқару», «6D100200 – Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «6D070200 -Автоматтандыру және басқару» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-матемактика факультеті, №213 мәжіліс залы.

         2019 жылғы 8 қарашадағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 14 қарашадағы  № 4-6033 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Тусупова Камшат Бакытжановнаға      6D070300 –Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  28.09.2019