Акынова Айгерим Пернебековна

 

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Акынова Айгерим Пернебековнаның «Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Византия империясының ішкі және сыртқы саясаты (IV-VII ғғ.)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында орындалған.

Рецензенттер:

Айдос Тоқтағұл Мыңжанұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 07.00.03, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар;

Нурмухамбетов Ардақ Амангельдыевич – PhD., Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының аға оқытушысы., Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D020300; диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар.

Ғылыми кеңесшілері:

Жұмағұлов Қалқаман Тұрсынұлы – тарих ғылымдарының докторы, профессор,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;  

Фабио Грасси – профессор Ла Сапиенза университеті, Рим қ., Италия. 

Қорғау 2019 жылғы 25 қазанында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, аудитория № 405.

2019 жылғы 25 қазандағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 6  қарашадағы  № 4-5900 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде  Акынова Айгерим Пернебековнаға 6D020300-тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  20.09.2019