Акынбекова Алтын Бакашовна

 

«6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Акынбекова Алтын Бакашовнаның «ХХ ғасыр басындағы қазақ журналдары: тарихы, функциясы, типологиясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Қалижанов Уәлихан Қалижанұлы – филология ғылымдарының докторы,                         М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы - 10.01.02;

Жақып Бауыржан Өміржанұлы – филология ғылымдарының докторы, ҚР жазушылар Одағының төраға орынбасары, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы - 10.01.10.

Ғылыми кеңесшілері:

Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы - филология ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан;

Кендірбай Гүлнар - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Колумбия университеті, Нью-Йорк, АҚШ.

Қорғау 2019 жылғы 16 қазан, сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі және әдебиет», «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология факультеті, №312 аудитория.

2019 жылғы 16 қазандағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 28 қазандағы  № 4-5773 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Акынбекова Алтын Бакашовнаға 6D050400-журналистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  11.09.2019