Ибраев Айдос Саятулы
«6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ибраев Айдос Саятулының «Инерциалдық-спутниктік навигациялық жүйелердің дәлдігін арттыру тәсілдері мен алгоритмдерін жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Бекмурзаев Батырхан Жагыпарович – геотехнология және геоинформатика мамандықтары бойынша техника ғылымдарының докторы, әл-Фараби ат. ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультеті картография және геоинформатика кафедрасының профессор м.а., Алматы қ., Қазақстан;
Айтмагамбетов Алтай Зуфарович – техника ғылымдарының кандидаты, ХАТУ профессоры, Халқаралық байланыс академиясының (ХБА) Академигі, Алматы қ., Қазақстан.
Ғылыми кеңесшілері:
Ахмедов Даулет Шафигуллович – техника ғылымдарының докторы, «Ғарыштық техника және технология институты» ЕЖШС директоры, Алматы қ., Қазақстан;
Vicente Milanes – Research Engineer, Group Renault, Paris, France.
Қорғау 2019 жылдың 20 қыркүйегі сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 - Математика», «6D060300 - Механика», «6D070500 –Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, аудитория 213.
2019 жылғы 20 қыркүйектегі диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 2 қазандағы № 4-5294 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Ибраев Айдос Саятулына 66D074600- Ғарыштық техника және технологиялар мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық