Жуматаев Ринат Серикович

«6D020800 – Археология және этнология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жуматаев Ринат Сериковичтің «Қазақстанды ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда мекендеген жұрттардың әдет-ғұрыптарындағы жылқы (Мәденигенездік аспект)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология, этнология және музеология кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Тоқтабай Ахмет Уалханұлы – тарих ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, мамандығы 07.00.07;

Оңғар Ақан – тарих ғылымдарының кандидаты, «ҚР Ұлттық музейі» РММ «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, мамандығы – 07.00.06.

Ғылыми кеңесшілері:

Толеубаев Әбдеш Тәшкенұлы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Николаус Бороффка – тарих ғылымдарының докторы, Неміс археология институтының бас ғылыми қызметкері, Берлин, Германия.

Қорғау 2019 жылғы 13 қыркүйегінде сағат 17:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, аудитория № 405.

2019 жылғы 14 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 26 қыркүйегіндегі № 4-5195 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Жуматаев Ринат Сериковичке 6D020800 – Археология және этнология мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  12.08.2019