Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлы

6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлының «Көміртегі оксидтері негізіндегі каталитикалық синтездер» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Пралиев Калдыбай Джайлавович – химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары Институты» АҚ-ның синтетикалық және табиғи дәрілік заттар химиясы лабораториясының меңгерушісі

Жаксибаева Жанар Муратовна – химия ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, жаратылыстану және география институты, Химия кафедрасының аға оқытушысы.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Суербаев Хаким Абдрахимұлы – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының профессоры;

2. Жаксылыкова Гулбану Жаксылыковна – химия ғылымдарының кандидаты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасының доцент м.а.;

3. Вавасори Андреа – ғылым докторы, Венециялық Ка Фоскари университетінің профессоры, Венеция қ., Италия.

Қорғау 2019 жылдың 04 шілдесінде сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді, мекенжайы: әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 308 аудитория.

Қорғау тілі: қазақша.

 

 

2019 жылғы 4 шілдедегі диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 12 шілдедегі № 4-3545 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Құдайбергенов Нұрболат Жарылқасынұлына 6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  03.06.2019