Демченко Алена Сергеевна

«6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Демченко Алена Сергеевна «Қазақстанның орыс тілді жазушыларының прозасындағы «Үй» архетипі: зерттеудің теориялық және әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.  

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Сафронова Людмила Васильевна – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.08;

Низамова Махинур Нурмухамедовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Алматы технология университетінің мемлекеттік және шет тілдер кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.02.  

Ғылыми кеңесшілері:

Сарсекеева Наталья Канталиевна – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Каталин Кроо – филология ғылымдарының докторы, Лоранда Этвеша атындағы мемлекеттік университетінің профессоры, Будапешт қ., Венгрия.

Қорғау 2019 жылдың 26 маусымында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» «6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, № 312 аудитория.

 

 

2019 жылғы 26 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 5 шілдедегі № 4-3419 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Демченко Алена Сергеевна 6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  24.05.2019