Буенбаева Зарина Қайратқызы

«6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Буенбаева Зарина Қайратқызының «Шығыс және Батыс медиа үдерісі: дәстүр, контент және конвергенция (салыстырмалы талдау)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Есдәулетов Айтмұхамбет Оразбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.10;

Кенжеғұлова Нарбинь Смағұлқызы – филология ғылымдарының кандидаты, «Тұран» университеті журналистика және аударма ісі кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.01.10.

Ғылыми кеңесшілері:

Қамзин Кәкен Қамзаұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Майкл Браун – PhD докторы, Вайоминг университетінің профессоры, Ларами қ., Вайоминг штаты, АҚШ.

Қорғау 2019 жылдың 21 маусымында сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «6D020500 – Филология» және «6D021000 – Шетел филологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология факультеті, №312.

 

 

2019 жылғы 21 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 1 шілдедегі № 4-3287 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Буенбаева Зарина Қайратқызына 6D050400 – Журналистика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  21.05.2019