Кошымова Акнур Оразгалиевна

«6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кошымова Акнур Оразгалиевнаның «VІІІ-ХІІІ ғасырлардағы Оғыздардың түркі халықтарының этногенезінің қалыптасуындағы орны» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Ужкенов Ернар Муратович – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар;

Кайыркен Турсынхан Законулы – тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің профессоры м.а., мамандығы 07.00.02, диссертацияның зерттеу саласы бойынша ғылыми мақалалары бар.

Ғылыми кеңесшілері:

Хабижанова Гульнара Болатовна – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

Муалла Уйду Южел – Стамбұл университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Стамбұл қ., Түркия.

Қорғау 2019 жылғы 14 маусымында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020300 – Тарих», «6D020800 – Археология және этнология», «6D021200 – Түркология (тарих ғылымы)» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, әл-Фараби, 71, Тарих, археология және этнология факультеті, аудитория № 405.

 

 

2019 жылғы 14 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 24 маусымдағы № 4-3157 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Кошымова Акнур Оразгалиевнаға 6D020300 – Тарих мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

 

Докторанттың құжаттары  

Басылым күні :  14.05.2019