Сәбитбек Болыс Мәжитұлы

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сәбитбек Болыс Мәжитұлы «Hardy-Sobolev type inequalities on homogeneous groups and applications» (Біртекті топтардағы Харди-Соболев типтегі теңсіздіктер және олардың қолданыстары) тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация "Ғылым Ордасы" кешені негізіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР ҒК БҒМ Математика және математикалық моделдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында Математика және математикалық моделдеу институтының Дифференциальдық теңдеулер бөлімінде орындалған.

Рецензенттер:

Кангужин Балтабек Есматұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.02;

Исмаилов Нурлан - PhD, Сүлейман Демирел атындағы университет, Қаскелен қ., Қазақстан, мамандығы 6D060100 – Математика.

Ғылыми кеңесшілері:

Кәлменов Тынысбек Шәріпұлы – ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық моделдеу институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Михайл Ружанский (Michael Ruzhansky)– PhD, Лондон империялық колледжінің профессоры, Лондон қ., Англия.

Қорғау 2019 жылғы 07 маусымында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 –Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математикалық факультеті, №213 мәжіліс залы.

 

 

2019 жылғы 7 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 14 маусымдағы № 4-2986 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Сәбитбек Болыс Мәжитұлына 6D060100 – Математика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  02.05.2019