Үсенов Ерболат Абуталипұлы

«6D060400 – Физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Үсенов Ерболат Абуталипұлының «Атмосфералық және төмен қысымдағы төмен температуралы комплексті плазма диагностикасы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасында жасалған.

Рецензенттер:

Майоров Сергей Алексеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, ЖҒҚ, РҒА А.М. Прохоров атындағы Жалпы Физика институтының профессоры, Мәскеу қ., Ресей, мамандығы 01.04.08;

Устименко Александр Бориславович - техника ғылымдарының докторы, ЖШС «Плазматехника R&D» директоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.14.

Ғылыми кеңесшілері:

Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы – ҚР ҰҒА Академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Керстен Хольгер – ғылым докторы, профессор, Киль Университеті, Қолданбалы және эксперименталдық физика институты, Киль қ., Германия.

Қорғау 2019 жылғы 5 маусымда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 – Ядролық физика», «6D072300 – Техникалық физика», «6D061100 - Физика және астрономия», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

 

 

2019 жылғы 5 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 14 маусымдағы № 4-2986 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Үсенов Ерболат Абуталипұлына 6D060400 – Физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  26.04.2019