Тұрлыбекұлы Аманжол

«6D072300–Техникалық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Тұрлыбекұлы А. «Наноқұрылымды апатит-биокомпозиондық материалдар мен жабындарды зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау орыс тілінде болады.

Диссертациялық жұмыс Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Энергетика» факультетінде орындалған.

Рецензенттер:

Яр-Мухамедова Г. Ш. — ф.-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қатты дене және бейсызық физикасы кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.07;

Алиев Б.А. — ф.-м.ғ.д., Алматы технологиялық университетінің оқу-әдістемелік ісі бойынша проректоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 01.04.07

Ғылыми кеңесшілері:

Плотников С.В. — ф.-м.ғ.д., Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Энергетика» факультетінің профессоры (Өскемен қ., Қазақстан Республикасы);

Погребняк А.Д. — ф.-м.ғ.д., профессор, Сумы Мемлекеттік Университеті (Сумы қ., Украина).

Қорғау 2019 жылғы 5 маусым сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 – Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтары тобының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

 

 

2019 жылғы 5 маусымдағы диссертациялық кеңестің шешімі, 2019 жылғы 14 маусымдағы № 4-2986 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры бұйрығының негізінде Тұрлыбекұлы Аманжолға 6D072300–Техникалық физика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. 

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

 

Докторанттың құжаттары

Басылым күні :  23.04.2019