Жахаев Бекзат Копжасарович

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Жахаев Бекзат Копжасаровичтің «Representations on rooted tree algebras and Specht problem for bicommutative algebras» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: ағылшын.

Диссертация «Ғылым Ордасы» кешені негізіндегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ҚР ҒК БҒМ Математика және математикалық модельдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында Математика және математикалық модельдеу институтының алгебра, математикалық логика және геометрия бөлімінде орындалған.

Рецензенттер:

Даирбеков Нурлан Слямханович – физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.01 Нақты, комплексті және функционалды талдау;

Кулпешов Бейбут Шайыкович - физика-математика ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.06 Математикалық логика, алгебра және сандар теориясы.

Ғылыми кеңесшілері:

Джумадильдаев Аскар Серкулович ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ., Қазақстан;

Шестаков Иван Павлович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Сан-Паулу Университетінің Математика және статистика институты, Сан-Паулу қ., Бразилия.

Қорғау 2018 жылғы 21 желтоқсанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модкльдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  21.11.2018