Байдельдинова Татьяна Александровна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Байдельдинова Татьяна Александровнаның «Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі комплаенс-бақылауды құқықтық реттеу: мәселелері және даму болашағы)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Карагусов Фархад Сергеевич – заң ғылымдарының докторы, профессор, Каспий университеті жеке құқықтық Институтының Бас ғылыми қызметкері, Қазақстан, Алматы, мамандығы 12.00.03 – азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу; халықаралық жеке құқық; отбасы құқығы; арбитраждық іс жүргізу.

Аралбаева Айгерим Адиловна, заң ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің экономика және құқық факультеті халықаралық құқық кафедрасының доценті, мамандығы 12.00.02 –Конституциялық құқық; Муниципалдық құқық.

Ғылыми кеңесшілері:                                                                   

Жатканбаева Айжан Ержановна, заң ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан;

Томас Хоффман – PhD докторы, Таллин техникалық университетінің доценті (Таллин қ., Эстония)

Қорғау 2018 жылғы 22 желтоқсан сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100 – Құқықтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, заң факультеті, 3 ГУК, № 413 аудиториясы.

Басылым күні :  20.11.2018