Ергалиев Мади Габиденович

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ергалиев Мади Габиденовичтің «Шекарасының қозғалмалы бөлігі ½-ден астам дәрежелі азғындалатын облыста жылуөткізгіштіктің шекаралық есебі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат енгізулеріңізді өтініп сұрайды.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және математика және математикалық модельдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Рецензенттер:

Сакабеков Аужан Сакабекович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, К.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.03;

Рысбайулы Болатбек - техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Жиенәлиев Мувашархан Танабайұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, МММИ, Алматы қ., Қазақстан;

Попиванов Недю – математика ғылымдарының докторы, аулие Климент Охридскийдің София университетінің профессоры, София қ., Болгария.

Қорғау 2018 жылғы 21 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  19.11.2018