Габдрашова Шолпан Есенжоловна

«6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Габдрашова Шолпан Есенжоловнаның «Пиротехникалық баяулатқыштарға арналған энергия ауқымды құрамдар жасау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Приходько Николай Георгиевич – химия ғылымдарының докторы, Алматы энергетика және байланыс университетінің профессоры, мамандығы 01.04.07, Алматы қ., Қазақстан;

Тамбиев Петр Геннадьевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Интеррин» ЖШС ҒӨК бас директорының бірінші орынбасары, мамандығы 25.00.20, диплом ҒК № 0005725 (26.02.2011), Алматы қ., Қазақстан.

Ғылыми кеңесшілері:

Тулепов Марат Изтилеуович химия ғылымдарының кандидаты, химиялық физика және материалтану кафедрасының меңшерушісі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Elouadi Brahim – Ла-Рошель университетінің профессоры, Ла-Рошель қ., Франция.

Қорғау 2018 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (химия ғылымдары)», «6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнология (физика)», «6D073400 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, №415 мәжіліс залы.

Басылым күні :  19.11.2018