Төлеуғазы Ержан

«6D060100 – Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Төлеуғазы Ержанның « Никольский-Бесов кеңістіктері үшін ену теоремалары және анизотропты кеңістіктердегі жуықтау теориясының бірқатар есептері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің іргелі математика кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Базарханов Дауренбек Болысбекович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Математика және математикалық модельдеу институтының функциялар теориясы бөлімінің меңгерушісі, профессор, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.01.01;

Абдикаликова Замира Турсынбаевна – PhD, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, ассистент профессор, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы «6D060100 – Математика».

Ғылыми кеңесшілері:

Бекмаганбетов Куаныш Абдрахманович – физика-математика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Астана қ., Қазақстан;

Тихонов Сергей Юрьевич – PhD, профессор, Математикалық зерттеулер орталығы, Барселона қ., Испания.

Қорғау 2018 жылғы 14 желтоқсанда сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, № 213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  13.11.2018