Мұқталы Динара

6D073900 – «Мұнайхимия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мұқталы Динараның «Мұнайдан және “көмір мұнайынан” алынған дизель фракцияларын күкіртсіздендіру процесін зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақша

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, физикалық химия, катализ және мұнайхимиясы кафедрасында және «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» РМК «Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты» EМК орындалған.

Рецензенттер:

Кудайбергенов Саркыт Елекенович – химия ғылымдарының докторы, профессор, «Полимерлік материалдар және технологиялар институты» жеке мекеменің директоры, Алматы қ., Қазақстан. Мамандығы: 02.00.06 - химия

Туктин Балга Туктиевич – химия ғылымдарының докторы, «Д.В.Сокольский атындағы жанармай, катализ және электрохимия институты» мотор отындары зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан. Мамандығы: 02.00.15 - катализ, 02.00.13 - мұнайхимия

Ғылыми кеңесшілер:

1. Мылтыкбаева Жаннур Каденқызы – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан.

2. Хидеки Курокава– профессор, Сайтама Университеті, Сайтама, Жапония.

Қорғау 2018 жылғы 12 желтоқсанда сағат 16.00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – «Химия», 6D072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 6D073900 – «Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия және химиялық технология факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  12.11.2018