Ажкеева Айганым Нуржауовна

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Ажкеева Айганым Нуржауовнаның «Акрил мономерлерінің негізіндегі жаңа термосезімтал сополимерлердің синтезі, сипаттамалары және қолдану перспективасы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің органикалық заттардың химиялық технологиясы және полимерлер кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Чопабаева Назира Набиевна  – химия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.06;

Жатканбаева Жанна Каланбековна – химия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 02.00.06.

Ғылыми кеңесшілері:

Елигбаева Гульжахан Жакпаровна – Қ.Р. ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы қ., Қазақстан;

Хуторянский Виталий – химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Рединг университеті, Рединг қ., Ұлыбритания.

Қорғау 2018 жылғы 12 желтоқсанда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600 – Химия», «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «6D073900 – Мұнайхимия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, химия факультеті, 415 аудитория.

Басылым күні :  12.11.2018