Бужеева Асель Бауржановна

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бужеева Асель Бауржановнаның «Қазақстандағы діни сананың эволюциясы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Телебаев Газиз Турысбекович – философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасының жетекші қызметкері, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.03;

Шубаева Ултай Кудайбергеновна - философия ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті» кафедрасының          қауымдастырылған        профессоры,      Алматы  қ.,        Қазақстан, мамандығы 09.00.13;

Ғылыми кеңесшілері:

Борбасова Карлыгаш Молдагалиевна – философия ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

Али Рафет Озкан – философия докторы, Кастамону университетінің профессоры, Кастамону қ., Түркия.

Қорғау 2018 жылғы 15 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  09.11.2018