Балпанов Нұрлан Мұхаметқалиұлы

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Балпанов Нұрлан Мұхаметқалиұлының «Этноконфессиялық қатынастар: толеранттылық мәдениетті қалыптастырудың тәжірибесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Жуманова Гүлнәр Жақанқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҚК Академиясы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11.

Раев Дәулетбек Садуақасұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор,    Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11.

Ғылыми кеңесшілері:

Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Мартин Ротгангель – PhD доктор, Вена университетінің профессоры, Вена қ., Австрия.

Қорғау 2018 жылғы 14 желтоқсан айында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – «Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  09.11.2018