Турегельдиева Айгерим Айдархановна

«6D030100 – Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған   Турегельдиева Айгерим Айдархановна «Қазақстан Республикасындағы көші-қон қатынастарын конституциялық-құқықтық реттеудің теориясы мен тәжірибесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультеті «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Нурпеисов Дархан Кадырбаевич – заң ғылымдарының докторы, Тұран Университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.01;

Өміртай Роза - заң ғылымдарының кандидаты, Нархоз университеті Құқық және мемлекеттік басқару мектебі Құқық кафедрасының доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 12.00.02.

Ғылыми кенесшілер:

Ибраева А.С. - заң ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Шабан Кайхан - заң ғылымдарының докторы, профессор. Стамбул, Түркия Республикасының, Хасан Калйонжу университетінің заң факультетінің деканы

Қорғау 2018 жылғы 30 қарашада сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D030100 – Құқықтану», «6D030200 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, заң факультеті, №410 мәжіліс залы.

Басылым күні :  29.10.2018