Абаған Ақерке Болатбекқызы

«6D020700 – Аударма ісі» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Абаған Ақерке Болатбекқызының «Корей фразеологизмдерін қазақ тіліне аударудың лингвомәдени қыры (корей фильмдерін аудару тәжірибесінен)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қиыр шығыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Ислам Айбарша – филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шетел тілдері педагогикалық факультетінің деканы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы – 10.02.19;

Төлеубай Ақнұр Мұхитқызы – PhD доктор,Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 6D020700 – Аударма ісі.

Ғылыми кеңесшілері:

Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Чо Тэ Хонг –PhD докторы, Ханянг университетінің профессоры, Сеул қ., Корея Республикасы.

Қорғау 2018 жылғы 28 қараша сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ««6D020500 – Филология», «6D021000 – Шетел филология», «6D021400 – Әдебиеттану», «6D020700 – Аударма ісі», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі және әдебиет»   мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Кәкішев атындағы №310 аудитория.

Басылым күні :  29.10.2018