Борибаева Гулнара Абдикасимовна

«6D021300 – Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Борибаева Гулнара Абдикасимовнаға «Қарапайым метатілдік сана бейнесіндегі топонимдік рефлексия» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – филология ғылымдарының докторы, доцент, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Ономастика бөлімінің меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.02;

Бияров Бердибек Нуралдинович – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан, мамандығы 10.02.02.

Ғылыми кеңесшілері:

Мадиева Гульмира Баянжановна – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Уильям Патрик Риверс – PhD докторы, Ұлттық мемлекеттік кеңес пен халықаралық білім беру және тілдер жөніндегі бірлескен ұлттық комитет атқарушы директоры, Вашингтон қ., АҚШ.

Қорғау 2018 жылғы 12 қарашада сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021300 – Лингвистика», «6D020900 – Шығыстану», «6D021200 – Түркітану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, № 312 дәрісхана.

Басылым күні :  11.10.2018