Кудайбергенов Аскар Канатович

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Кудайбергенов Аскар Канатовичтің «Қоршаған орта әрекетін ескеріп бұрғылау колонналарының сызықты емес динамикасын моделдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Рецензенттер:

Алимжанов Айвар Муратбекович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, мамандығы 01.02.04;

Мартынов Николай Иванович – физика-математика ғылымдарының докторы, Математика және математикалық модельдеу институты, басты ғылыми қайраткер, Алматы қаласы, мамандықтары 01.02.04, 01.02.07.

Ғылыми кеңесшілері:

Хаджиева Леля Азретовна – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қаласы, Қазақстан;

Приказчиков Данила Александрович – философия докторы (PhD), Кил университеті, Кил, Стаффордшир, Ұлыбритания.

Қорғау 2018 жылғы 2 қараша сағат 14.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарамағындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71, механика-математика факультеті, № 213 аудитория.

Басылым күні :  02.10.2018