Альмерекова Шырын Семизбайқызы
«6D061300 – Геоботаника» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Альмерекова Шырын Семизбайқызының «Іле Алатауындағы сирек, эндем Oxytropis almaatensis Bajt. өсімдігі ценопопуляциялары жағдайын экология-биологиялық ерекшеліктері негізінде бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: қазақ.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биоалауантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Дебрецен университетінің өсімдіктер филогенетикасы зертханасы (Дебрецен қ., Венгрия) және Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық генетика зертханасында орындалған.
Рецензенттер:
Айдарбаева Докторхан Кайсарбековна – биология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.05;
Мырзагалиева Анар Базаровна – биология ғылымдарының докторы, доцент, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан, мамандығы 03.00.05.
Ғылыми кеңесшілері:
Мухитдинов Наштай Мухитдинович – биология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан;
Шрамко Габор – PhD, Дебрецен университеті, Дебрецен қ., Венгрия.
Қорғау 2018 жылғы 26 қазанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700 – Биология», «6D070100 – Биотехнология», «6D061300 – Геоботаника» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, биология және биотехнология факультеті, №214 аудитория.