Мухатаева Динара Исахановна

«6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мухатаева Динара Исахановнаның «Университет жүйесінде студенттердің жобалық құзыреттілігін қалыптастыру үрдісін әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Мухтарова Шакира Мукашовна - педагогика ғылымдарының докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, Қарғанды қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Искакова Айгуль Толеутаевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

Қасен Гульмира Аманқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Mehmet Özbaş – білім беру докторы, Эрзинджан университетінің доценті, Эрзинджан, Түркия.

Қорғау 2018 жылдың 25 қазан күні, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 - Саясаттану», «6D050100 - Әлеуметтану», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 - Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Басылым күні :  24.09.2018