Доскожанова Айжан Бериккановна

«6D020100 – Философия» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Доскожанова Айжан Бериккановнаның «Әбу Насыр әл-Фараби философиясындағы игілік идеясы және оның қазіргі замандағы маңыздылығы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Раев Дәулетбек Садуақасұлы – философия ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.11;

Қоянбаева Гульнара Ромсеитқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Алматы Менеджмент Университетінің доценті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 09.00.03.

Ғылыми кеңесшілері:

Нұрышева Гүлжихан Жұмабайқызы – философия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Сирос Василейос – PhD, Ювяскюля Университеті, Финляндия.

Қорғау 2018 жылғы 18 қазанда сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39, Философия факультеті, №123 оқу дәрісі.

Басылым күні :  17.09.2018