Абдуллаева Перизат Тұрарқызы

«6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абдуллаева Перизат Тұрарқызының «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

1. Тұрғынбаева Ботагүл Алтайқызы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Казақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 13.00.01.

2. Турсунгожинова Гульнар Сайлаухановна – психология ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің доцент м.а., Семей қ., Қазақстан, мамандығы 19.00.01.

Ғылыми кеңесшілер:

Мадалиева Забира Бекешовна – психология ғылымдарының докторы, профессор әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі.

Huseyіn Husnu BAHAR– PhD, Эрзинджан университетінің профессоры, Эрзинджан, Түркия.

Қорғау 2018 жылдың 14 қыркүйек күні, сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 - Саясаттану», «6D050100 - Әлеуметтану», «6D090500 - Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 - Психология», «6D010300 - Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123 мәжіліс залы.

Қорғау тілі: қазақ.

Қорғау күні 2018 жылдың 14 желтоқсан күніне 10.00 сағатқа ауыстырылды, рецензенттер мен қорғау өтетін орны өзгертілмейді.

Басылым күні :  14.08.2018