Қартбаев Амандық Жанқожаұлы

«6D070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Қартбаев Амандық Жанқожаұлы «Статистикалық машинамен аудару жүйесінің модельдері мен методтарын қазақ тіліне арнап жобалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасында орындалған.

Рецензенттер: Ахмед-Заки Дархан Жумаканович – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық бизнес университеті президенті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18; Мансурова Мадина Есимхановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Информатика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 05.13.18.

Ғылыми кеңесшілері: Мурзабеков Зейнел Нугманович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан; Тукеев Уалшер Ануарбекович – техника ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан; Шереметьева Светлана Олеговна – филология ғылымдарының докторы, профессор, НИУ Южно-Уральский государственный университет, Челябинск, Ресей.

Қорғау 2018 жылғы 11 қыркүйек сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Информатика және Ақпараттық жүйелер бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, №213 мәжіліс залы.

Басылым күні :  09.08.2018