Темербаев Азамат Алиевич

«6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Темербаев Азамат Алиевичтің «Серпімді pd-шашыраудағы спиндік байқауғыштар және Т-инварианттылықты тексеру» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орыс.

Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Имамбеков Онласын Имамбекович – физика-математика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.16;

Дубовиченко Сергей Борисович - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы 01.04.16.

Ғылыми кеңесшілері:

Ибраева Елена Тулеубековна физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ядролық физика институты, Алматы қ., Қазақстан;

Узиков Юрий Николаевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Біріккен ядролық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, Дубна қ., Мәскеу обл., Ресей.

Қорғау 2018 жылы 2 шілде сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 - Физика», «6D060500 - Ядролық физика», «6D072300 - Техникалық физика», «6D071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар», «6D071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «6D061100 – Физика және астрономия» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, физика-техникалық факультеті, №330 мәжіліс залы.

Басылым күні :  01.06.2018