Даутова Гульназ Рахимовна

«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Даутова Гульназ Рахимовнаның «Түркі эпосындағы қорғаушы-батыр бейнесі (генезис және типология)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпаратты.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация ҚР БҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклортану бөлімінде орындалған.

Рецензенттер:

Бузаубағарова Қарлығаш Сапарғалиевна – филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы – 10.01.09;

Көшекова Айнур Арғынтайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қауым.профессор м.а., Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы – 10.01.09;

Ғылыми кеңесшілері:

Әзібаева Бахытжан Уәлиқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

Нажие Йылдыз – доктор, Гази университетінің профессоры, Анкара қ., Түркия.

Қорғау 2018 жылдың 28 ақпанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D020500 – «Филология», 6D021000 – «Шетел филологиясы», 6D021400 –«Әдебиеттану», 6D020700 – «Аударма ісі», 6D050400 – «Журналистика», 6D011800 –«Орыс тілі және әдебиеті» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, ф.ғ.д., профессор Т.Кәкішев атындағы № 310 дәрісхана.

Басылым күні :  27.01.2018