Шадыманова Ажар Амандыккызы

«6D070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Шадыманова Ажар Амандыккызының «Рентгендік радиометрлік каротажды станцияның электромеханикалық жүйесін талдау және деректерді өңдеу үшін математикалық модельді және компьютерлік қосымшаларды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: орысша.

Диссертациялық жұмыс РМК «Ғылым ордасы» базасында ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бірлескен оқу бағдарламасының негізінде Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтында (АжЕТИ) орындалған.

Рецензенттер:

Ахмедов Дәулет Шафигуллұлы – Ғарыштық техника және технологиялар институтының директоры, техникалық ғылымдарының докторы, Алматы қ., Қазақстан, мамандықтары 25.00.35 және 25.00.22

Сейдахмет Асқар Жунісұлы – Satbayev University, «Қолданбалы механика және инженерлік графика» кафедрасының ассоциивтік профессоры, т.ғ.к., доцент, Алматы қ, Қазақстан, мамандығы 05.02.18.

Ғылыми кеңесшілері:

Дракунов Юрий Михайлович – техникалық ғылымдарының докторы, Алматы қ., Қазақстан;

Вальдэмар Вуйцик – Люблиндік политехникалық университетінің халықаралық қатынастар ректорының көмекшісі, PhD, профессор, Люблин қ., Польша.

Қорғау 2018 жылғы ақпанның 23 сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, У.А. Джолдасбеков атындағы Үлкен залы.

Басылым күні :  24.01.2018