Бибосинов Асылхан Жанибекович
«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Бибосинов Асылхан Жанибекович «Серпімдіпластикалық ағыс кезіндегі кернеудің шоғырлануы есептерін зерттеу және модельдеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.
Қорғау тілі: орыс.
Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.
Рецензенттер:
Баймухаметов Абай Абышевич – физика-математика ғылымдарының докторы, Еуразия технологиялық университетінің профессоры, мамандығы 01.02.07;
Телтаев Багдат Бурханбайулы – техникалық ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының президенті, Алматы қ., Казахстан, мамандығы 01.02.07.
Ғылыми кеңесшілері:
Бекбауов Бахберген Ермекбаевич – PhD, доцент м.а., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;
Бернард Шрефлер – PhD, D.Sc., Падуя университетінің профессоры, Падуя қ., Италия.
Қорғау 2018 жылғы 23 ақпан сағат 16:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100 – Математика», «6D060300 – Механика», «6D070500 – Математикалық және компьютерлік пішіндеу», «6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, механика-математика факультеті, У.А. Жолдасбеков атындағы улкен зал.