Сарсенова Асель Бериковна

«6D050100 – Әлеуметтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Сарсенова Асель Бериковнаның «Жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу стратегиясын салыстырмалы талдау: аймақтық аспект» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Нуркатова Лязат Төлегенқызы – әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-экономикалық зерттеулер бөлімінің басшысы, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.04;

Саликжанов Ринат Саттарович - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, Астана қ., Қазақстан, мамандығы 22.00.05.

Ғылыми кеңесшілері:

Маульшариф Мира – әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, Астана қ., Қазақстан;

Виктор Агаджанян – PhD, Канзас университетінің профессоры, Канзас штаты, АҚШ.

Қорғау 2018 жылғы 15 ақпанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D050200 – Саясаттану», «6D050100 – Әлеуметтану», «6D090500 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300 – Психология», «6D010300 – Педагогика және психология» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи көшесі, 39/47, философия және саясаттану факультеті, №123.

Басылым күні :  11.01.2018