Мукушева Құралай Серікқызы

«6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Мукушева Құралай Серікқызының «ХХ ғасыр басындағы қазақ көсемсөзі: ұлттық дүниетаным және "Дала" концепті» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Уалихан Қалижан Қалижанұлы – филология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, Алматы қ., Қазақстан, мамандығы - 10.01.02;

Асанов Камашке Даулетканұлы - филология ғылымдарының докторы, Журналистика кафедрасының профессоры, Қарағанды қ., Қазақстан, мамандығы - 10.01.10.

Ғылыми кеңесшілері:

Нұрғожина Шарбан Искакқызы – филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ., Қазақстан;

Давид Сомфай – филология ғылымдарының докторы, Лоранд Этвеш атындағы университетінің профессоры, Будапешт қ., Венгрия.

Қорғау 2018 жылғы 31 қаңтарда сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020500 – Филология», «6D020700 – Аударма ісі», «6D021000 – Шетел филологиясы», «6D021400 – Әдебиеттану», «6D050400 – Журналистика», «6D011800 – Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, филология және әлем тілдері факультеті, № 310 аудитория.

Басылым күні :  26.12.2017