Утебаева Динара Сахибовна

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Утебаева Динара Сахибовнаның «Қазақстандағы миссионерлік: тарихы және қазіргі заман (дінтанулық талдау)» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы ақпарат.

Қорғау тілі: қазақ.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Рецензенттер:

Әбуов Айдар Парқұлұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Дін істері және азаматық қоғам Министрлігі, Дін істері комитеті, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, мамандық – 09.00.03

Жазықбаев Дархан Медеғалиұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары, мамандық – 09.00.03

Ғылыми кеңесшілері:

Философия ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Құрманалиева А.Д.;

Мидлсакс университетінің PhD, профессоры Луиз Райан (Лондон қ., Ұлыбритания).

Қорғау 2018 жылғы 27 қаңтарда сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020100 – Философия», «6D020400 – Мәдениеттану», «6D020600 – Дінтану», «6D021500 – Исламтану» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен-жайы: 050040, Алматы қаласы, Масанчи к., 39/47, философия және саясаттану факультеті, № 123 мәжіліс залы.

Басылым күні :  25.12.2017